Жаңалықтар/Новости

"Жақсылық жаса"/"Твори добро"

   «Педагогика Любви и Творчества» атты өзін-өзі тану он күндігі шеңберінде 1-ші сыныптарда «Жақсылық жаса» тақырыбы бойынша суреттер көрмесі өтті. Көрменің жас қатысушылары өз суреттерінде игі, жақсы істерді суреттеген. Бұл көрменің мақсаты балаларды игі істер мен жақсы іс-әрекеттерге тарту болды. Балаларға мейірімді, қайырымды және тәрбиелі болып өсулеріне тілектеспіз.

   В рамке декады самопознания "Педагогика Любви и Творчества" в 1 классах прошла выставка рисунков по теме "Твори добро". Юные участники выставки в своих рисунках отражали добрые дела. Целью данной выставки было приобщение детей к добрым делам и поступкам. Пожелаем ребятам расти добрыми, отзывчивыми и воспитанными.

Read more: "Жақсылық жаса"/"Твори добро"

Жаңа Жыл - 2022/Новый год - 2022

Жаңа жыл қарсаңында №1 мектеп-лицейінде санитарлық нормаларды сақтай отырып, 1-4 сыныптың оқушыларына арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті. Е.В.Куракинаның жетекшілігімен мектеп театр үйірмесінің ертегі кейіпкерлері бастауыш сынып оқушыларын құттықтады. Мерекенің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар жаңа жылдық шыршаны жағып, балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Read more: Жаңа Жыл - 2022/Новый год - 2022

Қостанай қаласы әкімінің атынан Жаңа жылдық шырша/Новогодняя елка от имени акима города Костаная

  

Қостанай қаласы әкімінің қатысуымен

әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалар үшін

жаңа жылдық іс-шара туралы ақпарат

 

 Жаңа жылдық мереке біздің үйлерімізге керемет және мерекелік көңіл-күй сыйлайды. 28 желтоқсанда №1 мектеп-лицейінде әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 26 балаға арналған Қостанай қаласы әкімінің атынан Жаңа жылдық шырша өткізілді.

Read more: Қостанай қаласы әкімінің атынан Жаңа жылдық шырша/Новогодняя елка от имени акима города Костаная

Президент шыршасы - 2022/Президентская ёлка - 2022

    Президент шыршасы – Республикадағы басты Жаңа жылдық іс-шаралардың бірі болып табылатын жыл сайынғы мереке.

Оған жыл сайын облыстың барлық аймақтарынан жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасы балалары арасынан 3-7 сынып оқушылары шақырылады.

Read more: Президент шыршасы - 2022/Президентская ёлка - 2022

Елка лидеров - 2022

   №1 мектеп-лицейінің оқушылары дәстүрлі түрде қалалық Көшбасшылар шыршасына қатысты. Ғылым, олимпиада саласындағы ерекше жетістіктері, сондай-ақ спорттық жарыстардағы жеңістері үшін ерекше көзге түскен балаларға Қала әкімінің атынан Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауы берілді. Коронавирус пандемиясына байланысты бұл іс-шара шыршаға қатысушылардың отбасыларына барып өткізілді. Әр балаға бағалы сыйлықтар мен тәтті сөмкелер берілді. Айкадамов Диарды, Рудягин Ярославты, Какимжанова Айнұрды, Седых Алинаны шын ниетпен құттықтаймыз.

Read more: Елка лидеров - 2022

Additional information

Посмотреть на карте Костаная