Сайлау учаскелері қандай тәртіппен құрылады?/ В каком порядке образуются избирательные участки?

    

Сайлау учаскелері сайлаушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында және жергілікті және өзге де жағдайларды ескере отырып құрылады.
Сайлау учаскелері мынадай шарттар ескеріле отырып құрылады:
1) әрбір сайлау учаскесінде үш мыңнан аспайтын сайлаушы;
2) әкімшілік-аумақтық бірліктерде әкімшілік-аумақтық құрылымның шекараларын сақтау.
Әскери бөлімдерде, ҚР-ға тиесілі және сайлау күні жүзіп жүрген кемелерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде, шалғай және жету қиын аудандарда азаматтар орналасқан жерлерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында тиісінше, олардың орналасқан жері, кеменің тіркелген порты немесе орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін сайлау учаскелері құрылады.

 



В каком порядке образуются избирательные участки?

Избирательные участки образуются в целях создания максимального удобства для избирателей и с учетом местных и иных условий.
Избирательные участки образуются с учетом следующих условий:
1) не более трех тысяч избирателей на каждом избирательном участке;
2) соблюдения границ административно-территориального устройства в административно-территориальных единицах.
В воинских частях, на судах, принадлежащих РК и находящихся в день выборов в плавании, в домах отдыха, санаториях, стационарных лечебно-профилактических учреждениях, в местах нахождения граждан, расположенных в отдаленных и труднодоступных районах, на участках отгонного животноводства, в следственных изоляторах и изоляторах временного содержания образуются избирательные участки, входящие в избирательные округа соответственно по месту их дислокации.

#сайлау2022
#выборы2022

Additional information

Посмотреть на карте Костаная