Жаңалықтар/Новости

Президенттікке кандидаттардың дебаты қалай өткізіледі?/ Как проводятся дебаты кандидатов в Президенты?

   

Президенттікке кандидаттардың дебаты қалай өткізіледі?
Президенттікке кандидаттар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірталастарға қатысуға құқылы. Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын сайлау алдындағы пікірталастарды өткізудің тәртібі мен шарттары тең болуға және қандай да бір кандидатқа артықшылық туғызбауға тиіс.
Пікірсайысқа Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Ерлан Қошанов (Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілі болады), Салтанат Тұрсынбекова қатысады. Пікірсайыс 11 қарашада "Хабар" телеарнасында сағат 20:00-де тікелей эфирде өтеді.

Read more: Президенттікке кандидаттардың дебаты қалай өткізіледі?/ Как проводятся дебаты кандидатов в...

#сайлау2022 /#выборы2022

  

Жасырын дауыс беру принципі қандай?

Жасырын дауыс беру кезінде сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігі болдырылмайды. Сайлаушының дауыс беру құпиясы басқа адамдардың қатысуына жол берілмейтін кабинада сайлау бюллетенін толтырумен қамтамасыз етіледі.

Read more: #сайлау2022 /#выборы2022

Сайлау_2022 / Выборы_2022

 

Бірнеше кандидатқа дауыс беруге бола ма?


Бұл мүмкін емес, өйткені «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 43-бабының 5-тармағына сәйкес біреуден артық кандидат белгіленген бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.

Read more: Сайлау_2022 / Выборы_2022

Cайлау-2022/Выборы-2022

  

Құрметті Қазақстандықтар!

20 қарашада Біз еліміздің Президентін таңдаймыз. Бұл біздің мемлекетіміздің тарихындағы маңызды күн, өйткені біз әрбір қазақстандық отбасының өркендеуіне ұмтылатын жолды таңдаймыз. Сайлаушы болу-бұл конституциялық құқық және біз бұл құқықты пайдаланамыз. Біз тұрақтылық, жастардың кепілдігі, болашақ ұрпақтың әл-ауқаты үшін дауыс береміз. Президент сайлауына келіп, өз дауысыңызды беріңіз!


Read more: Cайлау-2022/Выборы-2022

Сайлау учаскелері қандай тәртіппен құрылады?/ В каком порядке образуются избирательные участки?

    

Сайлау учаскелері сайлаушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында және жергілікті және өзге де жағдайларды ескере отырып құрылады.
Сайлау учаскелері мынадай шарттар ескеріле отырып құрылады:
1) әрбір сайлау учаскесінде үш мыңнан аспайтын сайлаушы;
2) әкімшілік-аумақтық бірліктерде әкімшілік-аумақтық құрылымның шекараларын сақтау.
Әскери бөлімдерде, ҚР-ға тиесілі және сайлау күні жүзіп жүрген кемелерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде, шалғай және жету қиын аудандарда азаматтар орналасқан жерлерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында тиісінше, олардың орналасқан жері, кеменің тіркелген порты немесе орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін сайлау учаскелері құрылады.

Read more: Сайлау учаскелері қандай тәртіппен құрылады?/ В каком порядке образуются избирательные участки?

Additional information

Посмотреть на карте Костаная