Жаңалықтар/Новости

Cайлау2022/ Выборы2022

   

Егер Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні жол жүріп кетуіне байланысты азаматтың өз сайлау учаскесінде дауыс беру мүмкіндігі болмаса, онда оған баратын жеріндегі сайлау учаскесінде дауыс беруге болады. Ол үшін 4-19 қараша аралығында тіркелген жеріндегі сайлау учаскесінен алған есептен шығару куәлігі болуы қажет.
Әр адамның дауысы маңызды!

Read more: Cайлау2022/ Выборы2022

Мұғалімдер арасындағы викториналық сайыс/ Конкурс- викторина для педагогов

    

 Үйірме жетекшілері Лунара Сейтқазықызы мен Қызғалдақ Дайыржанқызы “Қазақша үйренейік!” үйірмесі бойынша жоспарлы түрде “Қазақшаңыз қалай?” викториналық сайысын өткізді. Сайысқа үйірмеге келіп жүрген бірінші және екінші топ мұғалімдері қатысты. Викториналық сайысқа топ мұғалімдері белсене қатысып, қазақ тіліне деген құрметтерін көрсете білді. “Арыстан” және “Қыран” тобы 4 тапсырмадан тұратын сайыста бақтарын сынады. Соның ішінде топ басшыларына да тапсырма болды. Нәтижесінде, “Арыстан” тобы белсенділік танытып 1-орын иеленсе, “Қыран” тобы 2-орынды қанжығаларына байлады. Қатысқан барлық мұғалімдерді оқу ісінің меңгерушісі Ерденова Назгүл Бабашевна марапаттады. Сөз соңында пән мұғалімдері үйірме жетекшілеріне кері байланыс жасады.

Read more: Мұғалімдер арасындағы викториналық сайыс/ Конкурс- викторина для педагогов

27 қазанда Оқырмандар Ы.Алтынсарин атындағы кітапханада жасөспірімдер кітабы күніне орай BOOK MIX-ке барды./ 27 октября Читательский клуб посетил BOOK MIX в честь дня юношеской книги в библиотеке им. Алтынсарина.

      

Біздің оқырмандар клубының балалары Қазақстан, Ресей, Италия, Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің жаңа авторларымен және олардың кітаптарымен танысты. Танысу кезеңі қызықты, ал кей уақытта қиын болатын алуан түрлі сынақтардан өтті. Барлығы оқырмандар белсенді қатысты, кейіпкерді түсіну және барлық эмоциялардық көңіл-күйді сезіну үшін бейтаныс кітаптарды батыл таңдады.

Read more: 27 қазанда Оқырмандар Ы.Алтынсарин атындағы кітапханада жасөспірімдер кітабы күніне орай BOOK...

№1 мектеп-лицейінің «Диссонанс» пікірсайыс клубы/ Дебатный клуб «Диссонанс» школы-лицей №1

№1 мектеп-лицейінің «Диссонанс» пікірсайыс клубы Қостанай автожол колледжінің командасымен @kkat_edu.kz бірлескен ойын өткізді.      №1 мектеп-лицейінің «Диссонанс» пікірсайыс клубы Қостанай автожол колледжінің командасымен @kkat_edu.kz бірлескен ойын өткізді. «Ұшқыр ой алаңы» жалпыұлттық жобаны жүзеге асырып,  пікірсайыс қозғалысын насихаттап қана қоймай, сонымен қатар, колледждер, ЖОО және ҒӨБ тәжірибе алмасу бойынша серіктестік өзара қарым-қатанысты көздейді. Достық кездесу барысында спикерлер тәжірибе алмасып, өте қызықты және ерекше резолюциялар ойнады. Клубтың қатысушылары өздерін тек қатысушы ретінде ғана емес, төрешілер ретінде де сынап көрді. Кездесу соңында белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушыларға грамоталар табысталып, марапатталды.

Read more: №1 мектеп-лицейінің «Диссонанс» пікірсайыс клубы/ Дебатный клуб «Диссонанс» школы-лицей №1

"Күз аруы-2022"

       

Күзгі демалыс қарсаңында №1 мектеп-лицейінде 8-11 сынып оқушылары арасында «Күз аруы-2022» атты  сұлулық және дарындылық байқауы өтті.  «Күз аруы -2022» атағы үшін 13 қатысушы бақ сынасты. Қатысушылар «Визиттік карточка», «Дефиле», өзінің аспаздық шеберліктерін көрсету, зияткерлік викторина барысында өзін таныту, сондай-ақ, қазылар алқасына және қатысушыларға шығармашылық қабілеттерін көрсету секілді бірқатар күрделі кедергілерден өтті.  Cынақтfhlfy сүрінбей өтіп 8 «В» сынып оқушысы Елизавета Воронова «Мисс очарование» номинациясына ие болды, 9 «Б» сынып оқушысы Валерия Гоманға «Мисс грация» атағы, 8 «Д» сынып оқушысы София Чумакқа «Мисс элегантность», 9 «Д» сынып оқушысы Сабина Агайдароваға «Мисс нежность» номинациялары берілді. 10 «А» сынып оқушысы Валерия Махмудова  «Күз аруы-2022» байқауының жеңімпазы атанып,  тәждің иегері болды.

Read more: "Күз аруы-2022"

Additional information

Посмотреть на карте Костаная