Наурыз - 2023

 

17 наурыз күні мектеп қабырғасында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Биылғы жылы мерекелік іс-шара «Екі жұлдыз» форматында мұғалімдер мен оқушылардың тығыз ынтымақтастығына бағытталған. Наурыз мерекесіне арнап қос дауыспен әндер шырқалды. 1 «А» сыныптың оқушылары сынып жетекшісі Е.В.Куракинамен бірлесе түрлі ұлттардың сәнді костюмдерін киіп қызықты және әсерлі құттықтау сөздерін жеткізді.

 

«Наурыз-мейрамын» мерекелеу барысында квесттер, ойындар, «Наурыз – көже» дайындау жөнінде шеберлік сыныбы, театрландырылған қойылым, «Қара-жорға» флешмобы және сыныптар бойынша тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылды. 2 қабаттың дәлізінде қазақтың ұлттық киімдерін, ыдыс-аяқтары мен қол бұйымдарын көруге болатын көрме ұйымдастырылды.    Оқушылардың ата-аналары да бей-жай қалмады, іс-шараға үлкен үлестерін қосты және Наурыз мерекесіне белсенді қатысты.  Мереке кезінде бауырсақтардан дәм татып және Шашу рәсімі өткізілді. Мектеп қабырғасында өткізілген барлық іс-шаралар өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін тәрбиелеуге және қалыптастыруға бағытталған.


 

17 марта в стенах школы прошло праздничное мероприятие, посвященное празднованию Наурыза. В этом году праздник в формате «Екі жұлдыз» направлен на тесное сотрудничество учителей и учащихся. В дуэте звучали песни, посвященные весеннему празднику Наурыз. Учащиеся 1 «А» класса совместно с классным руководителем Куракиной Е.В. подготовили интересное и зажигательное поздравление, дети были в ярких костюмах разных национальностей.

  В ходе празднования «Наурыз-мейрамы» были организованы квесты, игры, мастер – класс по изготовлению «Наурыз-көже», театрализованное представление, флешмоб «Қара-жорға» и тематические мероприятия по классам. В рекреации на 2-ом этаже организована выставка, где можно увидеть казахские национальные костюмы, посуду, ручные изделия.    Огромную помощь оказали родители учащихся, которые не остались равнодушными и приняли активное участие в преддверии праздника Наурыз.  Во время празднования угощали баурсаками и проводили обряд Шашу. Все мероприятия, проведенные в стенах школы, направлены на воспитание и формирование духовно-нравственной культуры подрастающего поколения.

Ссылка на фотографии: https://drive.google.com/drive/folders/1z_oD7Jn5WWwcga3VkPHJz7VuX-5Hf9EC?usp=sharing

 

 

 

 

Дополнительная информация

Посмотреть на карте Костаная