Оқыту семнары/Обучающий семинар
- Details
- Category: Жаңалықтар/Новости
- Created on Monday, 11 October 2021 16:42
- Published on Monday, 11 October 2021 16:42
- Written by Super User
- Hits: 441
25 қыркүйекте №1 мектеп-лицейінде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында бағалау әдістерінің тиімділігі» атты оқыту семнары өтті.
Семинарға №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, желілік қауымдастық аясында онлайн форматта №2 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты: білім алушылардың білім алудағы олқылықтардың орнын толтыру үшін тиімді іс-әрекет үрдісін қарастыру , мұғалімдердің үздіксіз білім алуына жағдай жасау, бағалау тәсілдерін пайдалана отырып, тиімділігін арттыру , білім сапасын көтеру үшін оңтайлы әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау және қолдану. Семинарда №1 мектеп-лицейінің педагогтары Рахимова Э.Е., Князова Қ.Д., Абитчанова Г.З., Ибрашева М.Ж. айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын қалыпастыру үшін тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырып өтті және тәжірбиеде қолдану алгоритмі, бағалау тәсілдерін жүргізудің қандай қиындықтар болуы мүмкін, оны шешу жолдарын көрсетті.
№2 МЛ педагогтарымен ынтымақтастық аясында жұмысты ұйымдастыру үшін оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында 2021 жылғы 23 қазанда биология және химия мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі "Биология және химия сабақтарында көп деңгейлі оқытуды жүзеге асырудың шарты ретінде заманауи технологияларын қолдану" семинар-практикумын өткізу жоспарлануда.
* * * * *
25 сентября 2021 года в школе-лицее №1 прошел обучающий семинар «Эффективность методов оценивания на уроках казахского языка и литературы». В семинаре приняли участие учителя казахского языка и литературы школы-лицея №1, руководители методических объединений, учителя казахского языка и литературы школы-лицея №2 в онлайн формате в рамках сетевого сообщества. Цель семинара:
рассмотрение процесса эффективной деятельности для восполнения пробелов в обучении обучающихся, создание условий для непрерывного образования учителей, повышение эффективности с использованием методов оценки, определение и применение оптимальных методов и приемов для повышения качества образования. На семинаре педагоги школы-лицея №1 Рахимова Э. Е., Князова К. Д., Абитчанова Г. З., Ибрашева М. Ж. презентовали эффективные приемы и алгоритм применения в практике для формирования навыков говорения, аудирования, чтения и письма, какие могут быть трудности при проведении оценочных приемов, пути их решения.
Для организации работы в рамках сотрудничества с педагогами ШЛ №2 с целью повышения качества обученности учащихся 23 октября 2021 года планируется проведение семинара-практикума МО учителей биологии и химии «Применение современных образовательных технологий как условие реализации разноуровнего обучения на уроках биологии и химии».