№ 1 мектеп-лицейінде Білім күні/В школе-лицей №1 Дeнь знаний.

 

№ 1 мектеп-лицейінде білім күнін мерекелеу қарсаңында Білім күнін мерекелеуге арналған салтанатты линейка және «Мектебім–мейірім мекені!» атты ашық сынып сағаттары өтті. 

Өкінішке орай, биыл ауа-райы қолайсыз, суық болды, кейінірек жаңбыр жауды. Бірақ балалардың көңіл-күйі түскен жоқ, спорт залында орын болмады, мереке күні оқушылардың көңіл-күйін ештеңе бұза алмады

«Легенда» хореографиялық ұжымы ұлттық бимен салтанатты жиынды ашты, Бай мен Алдар-Көсе рөліндегі ғажайып кейіпкерлер балаларды қарсы алды, ғылым ғибадатханасына білімнің символдық кілтін табыс етті. Бірінші сынып оқушылары дәстүрлі тақпақ жолдарын оқып және № 1 мектеп-лицейінің вокалдық студиясының әндерін орындады.
Биылғы оқу жылында алғашқы қоңырау соғу құқығы 11-ші сыныптың түлегі Вражнов Андрей мен 1 «Е» сынып оқушысы Тлеугабылова Айланаға берілді.
Салтанатты сап түзеуден кейін барлығы осы оқу жылы алғашқы сабағы өткізілген кабинеттерге барды.
Жаңа оқу жылы баршамызға жемісті болсын, білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа және жетістіктерге толы болсын!

Дополнительная информация

Посмотреть на карте Костаная