Жаңалықтар/Новости

№ 1 мектеп-лицейінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу/Проведение пожарно-тактического учения в школе-лицей №1

 

2021 жылы 28 қазан күні №1 мектеп-лицейінде шұғыл жағдай туындаған сәтте оқушылардың әрекет ету дағдыларын жетілдіру мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Аталмыш іс-шараны «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ ұйымдастырды.

Read more: № 1 мектеп-лицейінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу/Проведение пожарно-тактического учения в...

«Сыбайлас Жемқорлыққа – жол жоқ!» көрсетілімді ойын/Показательная игра «Коррупции – нет!»

  

27 қазан күні Тобыл қаласының №2 орта мектебінде Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен Қостанай ауданы мектептерінің оқушылары үшін пікірталас жөнінде ашық ойын өтті. Дебаттық раунд «ұрпақтар шайқасы» ретінде жайғастырылды, ойын барысында Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларының командасы Виктория Щербакова және Ксения Туркестанова тәжірибелі спикерлер командасының мүшелері Камза Азамат және Станислав Печниковпен кездесті. Көптеген облыстық, республикалық және халықаралық пікірсайыс турнирлерінің жеңімпазы, парламенттік пікірсайыс бойынша ұлттық санаттағы төреші Евгений Сергеевич Бедыч модератор болды.

Read more: «Сыбайлас Жемқорлыққа – жол жоқ!» көрсетілімді ойын/Показательная игра «Коррупции – нет!»

Биология және химия пәні мастер-класс өтті/Мастер – класс учителей биологии и химии

 

 23 қазан күні №1 мектеп – лицейінде биология және химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі дайындаған мастер-класс өтті. Аталған іс-шара №1 МЛ және №2 МЛ мұғалімдер ұжымының ынтымақтастығы аясында өткізілді. Мастер-кластың негізгі мақсаты «Биология және химия сабақтарындағы заманауи білім беру технологиялары білім олқылықтарын толтыру мақсатында көп деңгейлі оқытудың шарты ретінде» атты тақырып бойынша әріптестер арасында тәжірибе алмасуы болды.

Өткізілген мастер-класста табысты білім беру мақсатын ғана емес, сонымен қатар БООТ (білімдегі олқылықтардың орнын толтыру) мақсатында оқушыларды оқу әрекеттеріне  ынталандыру сұрағы белсенді талқыланды. Ынталандыру түрлері – бұл мадақтау, табысты жағдайлар жасау, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б. көп деңгейлі оқытудың қазіргі заманғы білім беру технологияларының көмегімен қол жеткізіледі.

Read more: Биология және химия пәні мастер-класс өтті/Мастер – класс учителей биологии и химии

«Егер қиын болса-жай ғана қоңырау шал»/«Если трудно-просто позвони»

Кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, мектеп оқушыларына психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар мен ата-аналар қоғамының (ата-аналар, мұғалімдердің)) психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында 2021 жылғы 15 қазан күні №1 мектеп-лицейінде «Егер қиын болса-жай ғана қоңырау шал» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді.

Read more: «Егер қиын болса-жай ғана қоңырау шал»/«Если трудно-просто позвони»

Мастер – класс учителя биологии Школы-лицея №1 г. Костанай Кириченко Ирины Георгиевны.

Мастер – класс учителя биологии Школы-лицея №1 г. Костанай Кириченко Ирины Георгиевны. Тема: «Как создать такую образовательную среду, которая будет формировать вовлеченность учащихся в изучение предмета «Биология»? Положительный опыт и результативность деятельности педагога, представленный в мастер-классе по созданию позитивной мотивации к научной и исследовательской деятельности учащихся, подтверждают призеры олимпиад. (Шамшырақ)

Subcategories

  • Ата-аналар жиналысы қорқыту/Родительское собрание буллинг

    2025 жылы 14 ақпанда № 1 мектеп-лицейінде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтті

    Педагог-психолог М.Қ.Шаркемелова суицидтік мінез-құлықтың алдын алу сұрақтарында ата-аналардың психикалық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті, жасөспірімдерде суицидтік үрдістің белгілері және себептерімен таныстырды, практикалық жаттығулар өткізді, бейнероликтер көрді және талқылау жұмыстарын ұйымдастырды. Ата-аналарға ақпараттық материалдар, соның ішінде жадынамалар мен буклеттер ұсынылды.

    «Сенімен Болашақ» АҚҰ ҚФ басшысы Базаркул Қапарқызы Арыстан қатысушыларға арнап буллинг белгілері, оның салдары жайында, сондай-ақ, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу шараларын жүргізу әдістері жайында айтты.

    Өткізілген іс-шара ата-аналардың өз балаларының психикалық денсаулығы мен қауіпсіздігінің маңызды аспектілері жайында хабардар болуына ықпал етті.


     

    14 февраля 2025 года в школе-лицее №1 состоялось Единое областное родительское собрание, посвящённое профилактике аутодеструктивного поведения, буллинга и насилия среди несовершеннолетних

    Педагог-психолог М.К. Шаркемелова подчеркнула важность повышения психической грамотности родителей в вопросах профилактики суицидального поведения, ознакомила с причинами и признаками суицидальных тенденций у подростков, провела практические упражнения, просмотр видеороликов и организовала обсуждение. Родителям были предоставлены информационные материалы, включая памятки и буклеты.

    Руководитель КФ РОО «Сенімен Болашақ» Арыстан Базаркул Қапарқызы рассказала о признаках буллинга, последствиях для участников и методах проведения профилактических мероприятий по предупреждению буллинга и кибербуллинга.

    Мероприятие способствовало повышению осведомлённости родителей о важных аспектах психического здоровья и безопасности их детей.

    Article Count:
    0

Additional information

Посмотреть на карте Костаная