Дөңгелек үстел/ Круглый стол
- Details
- Category: Жаңалықтар/Новости
- Created on Monday, 06 March 2023 11:51
- Published on Monday, 06 March 2023 11:51
- Written by Super User
- Hits: 296
2023 жылдың 2 наурызында Қостанай қаласының №1 мектеп лицейінде «Қазақ тілі мен әдебиетінен білім жетістіктерінің мониторингісіне дайындау мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушыларды білім алушылардың білім жетістігін мониторингілеуге дайындық барысында оқу сауаттылығы бойынша өзекті мәселелерді айқындау және талқылау.
Дөңгелек үстелде ББМЖ бойынша нормативтік құжаттармен Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейі директордың оқу ісі бойынша орынбасары Ерденова Назгуль Бабашевна таныстырды.
№1 мектеп-лицейінің әдістемелік жетекшісі Рахимова Эльмира Ерсалимовна оқушыларды ББЖМ дайындау мәселелеріне тоқталды. Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының мазмұнын талдады. Мәтінмен жұмыс бойынша ұсынымдар берді.
Умарова Разия Муайтбековна оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға әсер ететін факторларды айқындап көрсетті.
Мухамедкалиева Бибигуль Марденовна дөңгелек үстелге қатысушылармен «Plikers», «Тарсия» әдістер арқылы мәтінмен жұмыс жасауды көрсетті.
Қазақ тілі мен әдебиетінен білім жетістіктерінің мониторингісіне дайындау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдің жұмысы жоғары деңгейде болды. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандары ұйымдастырушылардың жұмысына кері байланыс арқылы ризашылықтарын білдірді.
2 марта 2023 года в школе- лицей №1 МО казахского языка и литературы провели круглый стол по подготовке к МОДО учащихся 9-х классов. Основная цель данного мероприятия: при подготовке учащихся к МОДО выявить и обсудить актуальные проблемы по читательской грамотности.
С основными нормативными документами ознакомила заместитель директора по учебной части Ерденова Н.Б.
Руководитель МО Рахимова Э.Е. дала рекомендации по работе с текстом. Анализировала содержание тестовых заданий по читательской грамотности.
Умарова Р.М. ознакомила с факторыми, которые влияют на развитие читательской грамотности.
Мухамедкалиева Б.М. провела практическое занятие с участниками круглого стола, применяя методы «Plikers», «Тарсия».
По отзывам участников круглого стола, данное мероприятие прошло на высшем уровне.