Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы/ Общешкольное родительское собрание

 

06 ақпан күні мектеп-лицейде 2022-2023 оқу жылында «Жаһандық құзыреттілік» факультативтік курсын оқыту және кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша сақтық шараларын қабылдау сұрақтары бойынша жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.


Өз сөзінде директордың ТЖ жөніндегі орынбасары К.М.Бертазина оқушылардың ерте кәсіби бағдарлануына бағытталған курстың мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат жасады. 5-9 сыныптарға арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының үлгілік оқу бағдарламасы 5 бірліктен, 10-сыныпта 5 бөлімнен және 11-сыныпта 2 бірліктен тұрады. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүдделерін ескере отырып әзірленген бөлімдер мен бөлімшелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 1 қыркүйектен бастап «Жаһандық құзыреттілік» курсын бекітілген кесте бойынша үлгілік оқу бағдарламасына және күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес мұғалімдер жүргізеді.

         Екінші сұрақ бойынша психолог М.Қ.Шаркемелова кәмелетке толмағандарға қатысты суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбын ашты. Сөз аясында психолог ата-аналарды кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлықтың негізгі себептері және белгілерімен таныстырды, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу сұрақтарында ата-аналардың психикалық сауаттылығын арттыру жайында ерекше атап айтты. Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған практикалық жаттығулар өткізді. Ата-аналарға буклеттер, парақшалар таратылды.

         Ата-аналардың назарына «Үндестік» жобасының жүзеге асырылу барысы жайында, кофе-монинг ретінде ата-аналармен жұмыстың тиімді формаларын енгізу жайында, сондай-ақ оқу-тәрбие үрдісінің проблемалары бойынша пән мұғалімдерінің ата-аналармен жеке кездесу өткізу кестесі туралы хабарлама жеткізілді.


06 февраля в школе-лицее провели общешкольное родительское собрание по вопросам преподавания факультативного курса «Глобальные компетенции» в 2022-2023 учебном году и принятию превентивных мер по профилактике суицидального поведения и бытового насилия среди несовершеннолетних.

В своем выступлении Бертазина К.М., заместитель директора по ВР довела информацию о целях и задачах курса, которые направлены на раннюю профессиональную ориентацию учащихся. Типовая учебная программа курса «Глобальные компетенции» для 5-9 классов состоят из 5 юнитов, в 10-ом классе из 5 разделов и в 11-ом из 2-х юнитов. Разъяснительная работа проведена по юнитам и разделам, разработанные с учетом возрастных особенностей и интересов обучающихся. С 1 сентября курс «Глобальные компетенции» ведутся учителями в соответствии с типовой учебной программой и календарно-тематическим планом по утвержденному расписанию. 

По второму вопросу психолог Шаркемелова М.К. раскрыла тему по профилактике суицидального поведения и бытового насилия в отношении несовершеннолетних. В рамках своего выступления психолог ознакомила родителей с причинами и признаками суицидального поведения у несовершеннолетних, актуализировала внимание на увеличение психической грамотности родителей в вопросах профилактики суицидального поведения. Провела практические упражнения, направленные на улучшения детско-родительских взаимоотношений. Родителям розданы буклеты, листовки.

Родители были осведомлены о ходе реализации проекта «Үндестік», о внедрении эффективных форм работы с родителями как кофе-монинг, о графике индивидуальных встреч учителей-предметников с родителями по проблемам учебно-воспитательного процесса.

   

 

 

Additional information

Посмотреть на карте Костаная