Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толады/30 лет со дня закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона
- Details
- Category: Жаңалықтар/Новости
- Created on Tuesday, 24 August 2021 12:13
- Published on Tuesday, 24 August 2021 12:13
- Written by Super User
- Hits: 519
2021 жылғы 29 тамызда бүкіл әлемдік қоғамдастықтың даму тарихындағы әрі жаһандық антиядролық қозғалыстағы маңызды оқиға – Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толады.
Семей ядролық полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді, одан бір жарым миллионнан астам адам зардап шекті. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қазақстанды ядролық полигонды жабу жөніндегі теңдессіз шешімі үшін әлем мойындады. Қазақстанның бітімгершілік үлгісі 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясын 29 тамызды «Халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» деп жариялауға септігін тигізді.
Атаулы датаға орай Елбасы кітапханасы Қазақстанның гуманистік миссиясы – ғаламшарды жаппай қырып-жоятын қарудан босатып, ядролық қарудан азат әлем құруға арналған бейнеролик дайындады.
* * * * * *
29 августа 2021 года исполняется ровно 30 лет со дня закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона – события, сыгравшего важную роль в истории развития всего мирового сообщества и глобального антиядерного движения.
На Семипалатинском ядерном полигоне было произведено не менее 456 ядерных испытаний, от которых пострадало более полутора миллионов человек. 29 августа 1991 года Президент Казахской ССР Н.А. Назарбаев подписал Указ «О закрытии Семипалатинского испытательного ядерного полигона».
Казахстан заслужил признание в мире за беспрецедентный акт закрытия ядерного полигона. Миротворческий пример Казахстана вдохновил 2 декабря 2009 года Генеральную Ассамблею ООН на провозглашение 29 августа Международным днем действий против ядерных испытаний.
К памятной дате Библиотека Елбасы подготовила видеоролик, посвященный гуманистической миссии Казахстана – освобождению планеты от оружия массового уничтожения и построению мира, свободного от ядерного оружия.