24 наурыз-Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні! / 24 марта - Всемирный день борьбы с туберкулёзом!
- Details
- Category: Жаңалықтар/Новости
- Created on Thursday, 11 March 2021 17:44
- Published on Thursday, 11 March 2021 17:44
- Written by Super User
- Hits: 756
Туберкулез-бұл жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде бактериялар шығаратын науқас адамнан ауа арқылы берілетін жұқпалы ауру. Туберкулезбен ауыратын науқастардың барлығы бірдей бактерияларды шығармайды. Бактерия шығармайтын пациенттер инфекцияны басқа адамдарға бере алмайды.
Туберкулез барлық мүшелерге әсер етуі мүмкін, бірақ көбінесе өкпеге әсер етеді. Туберкулезбен ауырған уақытта жөтел, шаршау, жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту, терлеу, дене қызуының ұзақ уақыт жоғарылауы, кеуде қуысының ауырсыну секілді белгілер пайда болады. Аталған симптомдар байқалған уақытта учаскелік дәрігерге қаралған абзал. Туберкулезге күдік туындаған жағдайда пациенттен зерттеу үшін қақырық алынады және кеуде қуысына рентген жасалады. Туберкулезді екі сағат ішінде анықтап, дереу емдеуді бастауға болады. Дәрі - дәрмектерді уақтылы анықтау және үздіксіз қабылдау арқылы туберкулезді толығымен емдеуге болады.
Туберкулез кезінде ауруды уақтылы анықтау және оның алдын-алу ерекше маңызды. Балаларда туберкулездің алдын алу үшін БЦЖ вакцинасы қолданылады, ол бала дүниеге келген күннің ертеңіне және 6 жасында салынады. Балаларда туберкулезді ерте анықтау үшін Манту сынамасы және Диаскин-тест пайдаланылады. Жасөспірімдер мен ересектер өкпе флюорографиясынан өтуі керек.
Өзіңізді туберкулез ауруынан қорғау үшін дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, таза ауада ұзақ уақыт жүру, темекі шекпеу, бөлмені жиі желдетіп отыру қажет.
Кез-келген басқа жұқпалы аурулар секілді туберкулезбен әрбір адам ауырып қалуы мүмкін. Туберкулез ауруының пайда болуы ұлтқа, кәсіпке немесе адамның қаржылық жағдайына байланысты емес. Біздің елімізде туберкулезді тез анықтап, толық емдеудің барлық жолдары бар. Туберкулезбен ауыратын адамдар оқуын және жұмысын жалғастыра алады.
Денсаулығыңызды сақтаңыз - медициналық көмекке уақытында жүгініңіз!
Туберкулёз - это инфекционное заболевание, которое передается через воздух от больного человека, выделяющего бактерии, при кашле, чихании, разговоре. Не все больные туберкулезом выделяют бактерии. Пациенты, не выделяющие бактерии, не могут передавать инфекцию другим людям.
Туберкулез может поражать все органы, но чаще всего легкие. При туберкулезе появляются такие симптомы, как кашель, быстрая утомляемость, общая слабости, снижение аппетита, потеря веса, потливость, длительное повышение температуры тела, боль в грудной клетке. При обнаружении этих симптомов, необходимо обратиться к своему участковому врачу. В случае подозрения на туберкулез у пациента берут мокроту на исследование и делают рентген грудной клетки. Выявить туберкулез можно в течение двух часов и сразу начать лечение. При своевременном выявлении и непрерывном приеме лекарств - туберкулез полностью излечим.
При туберкулёзе особое значение имеют профилактика и своевременноевыявление болезни. Для профилактики туберкулеза у детей используется БЦЖ вакцина, которая ставится детям на второй день жизни и в 6 лет. У детей для раннего выявления туберкулеза используется проба Манту и Диаскин-тест. Подростки и взрослые должны проходить флюорографию легких.
Чтобы оградить себя от заболевания туберкулезом необходимо правильно питаться, заниматься спортом, больше проводить время на свежем отдыхе, не курить, чаще проветривать помещения.
Туберкулезом, как и любым другим инфекционным заболеванием может заболеть каждый человек. Возникновение туберкулеза не зависит от нации, профессии или финансового состояния человека. В нашей стране существуют все способы для быстрого выявления и полного излечения туберкулеза. Люди, перенесшие туберкулез, могут продолжить учиться и работать.
Берегите свое здоровье – вовремя общайтесь за медицинской помощью!