Қостанай қаласының № 1 мектеп-лицейінің оқушылары Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Беларусь этномәдени бірлестігінің жылдық мерейтойына қатысты.
- Details
- Category: Жаңалықтар/Новости
- Created on Monday, 06 November 2023 17:16
- Published on Monday, 06 November 2023 17:16
- Written by Super User
- Hits: 253
Қостанай қаласының № 1 мектеп-лицейінің оқушылары Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Беларусь этномәдени бірлестігінің жылдық мерейтойына қатысты.
Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет болып табылады. Бүгінде еліміздің аумағында бірлік пен келісім аясында 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әр облыста достық қарым-қатынастарды сақтауға және нығайтуға ықпал ететін этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді.
2023 жылы 3 қараша күні ең жас беларусь этномәдени бірлестік- өзінің алғашқы жылдық мерейтойын атап өтті.
Облыстық Достық үйінде өткен салтанатты концертте 8 "Б" сынып оқушысы Сәрсенбаева Даяна беларусь ақыны Якуб Коластың «Сұрамаңдар іздемеңдер» өлеңін оқыды, өлең шумақтарын қазақ тіліне аударған Қостанай ақыны Ақылбек Шаяхмет болатын. Крылова Аделина көрермендерге арнап «Край мой любимый…» өлеңін оқыды, өлең авторы Михас Поздняков. 11 "А" сынып оқушысы Бирюкова Евгения көрермендерге арнап Янка Купалдың «Моя молитва» өлең жолдарын оқыды.
Оқушыларға алғыс хаттар мен шағын естелік сыйлықтар табыс етілді.
№ 1 мектеп-лицейінің Әкімшілігі оқушыларды іс-шараға сапалы дайындағаны үшін орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Марина Ивановна Бондаренкоға алғысын білдіреді!
Ученицы школы-лицея №1 г. Костаная приняли участие в праздновании годовщины белорусского этнокультурного объединения при областной Ассамблеи народа Казахстана.
Республика Казахстан является полиэтническим государством. Сегодня в единстве и согласии на территории нашей страны проживают более 130 национальностей. В каждой области работают этнокультурные объединения, которые способствуют сохранению и укреплению дружеский отношений.
3 ноября 2023 года самое юное этнокультурное объединение- белорусское отметила свою первую годовщину.
На торжественном концерте в областном Доме дружбы Сарсенбаева Даяна ученица 8 «Б» класса прочла стихотворение белорусского поэта Якуба Коласа «Сұрамаңдар іздемеңдер», строки которого на казахский язык перевел Костанайский поэт- Акылбек Шаяхмет. Крылова Аделина для зрителей зачитала стихотворение «Край мой любимый…», автором которого является Михась Поздняков. Бирюкова Евгения ученица 11 «А» класса прочла для зрителей строки из стихотворения Янка Купала «Моя молитва».
Ученицам были вручены благодарственные письма и небольшие памятные подарки.
Администрация школы-лицея №1 выражает слова благодарности за качественную подготовку учащихся к мероприятию, учителю русского языка и литературы Бондаренко Марине Ивановне!